Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Азаматтардың жергілікті полиция қызметімен өзара іс-қимылы туралы мәселені жариялау.

30.11.2021

2021 жылдың 24 қарашасында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова ЖПҚ Ақтөбе қ. ПБ Алматы аудандық №3 ҚПБ №16 УПП учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны С.Н.Құрмановпен  кездесу өткізді. Қазіргі таңдағы басым бағыттардың бірі полиция қызметінің сервистік модельге көшуі жағдайында азаматтардың жергілікті полиция қызметінің қызметі мен өзара іс-қимыл мәселесін көрсету маңызды. Өзара іс-қимылдың осы модельдерін қолдану жергілікті жерлерде полиция жұмысының сапасын арттыруға және ішкі істер органдарын реформалау бойынша қойылған міндеттер шеңберінде мақсаттарға неғұрлым тиімді қол жеткізуге ықпал ететіні сөзсіз. Кездесудің де басты мақсаты осы болды.  Кездесу аясында учаскелік полиция инспекторларының жұмысын оңтайландыру және қоғамдық құқық тәртіпті қорғаудың озық тәжірибесімен алмасу негізінде учаскелік полиция жұмысының сапасын арттыру  мәселелері талқыланды.