11.10.2025



Мамандықты дұрыс таңдау – оқушы болашағының маңызды кезеңі. 11 қазан күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Б. Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушыларына Ашық есік күнін өткізді.
Аталған шара оқушыларға мектепті тәмамдағаннан кейін болашақта мамандық таңдауға, институттың тыныс-тіршілігімен, материалдық базасымен танысуға және кәсіби бағыт-бағдар алуға мүмкіндік берді.
Ашық есік күнін өткізуге жетекшілік еткен оқу орнының қызметкерлері ведомстволық оқу орнына түсу шарттары туралы ақпараттармен бөлісті.







