3.11.2017
2017 жылғы 02 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығының» КММ тәрбиеленушілеріне ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер институт аумағына, соның ішінде курсанттар казармасына, мұражайға, кітапханаға және саптық алаңға экскурсия жасады. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторлары тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, олардың қызығушылықпен қойған сұрақтарына жауап берді.
Экскурсиядан кейін орталық тәрбиеленушілері мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының, 1-курс курсанттары арасында баскетболдан институттың спорт залында жолдастық кездесу өткізілді.
ТЖБ инспекторы
полиция капитаны
З.А.Мухангалиева