Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы

Арнайы-тактикалық даярлық кафедрасы қызметінің негізгі бағыттары арнаулы оқу орындарындағы болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда даярлау мақсатында, келесідей пәндерді оқытылады:

  • Арнайы-тактикалық даярлық;
  • Атыс даярлығы;
  • ІІО қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігінің негіздері;
  • Кәсіби полиция даярлығының негіздері және т.б.

Кафедраның міндеттері — курсанттармен тыңдаушыларды кәсіби тұрғыда жан-жақты дайындауға бағытталған. Атап айтсақ:

– курсанттар мен тыңдаушыларда әскери борышқа адалдық, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

отанға деген сүйіспеншілік пен жауынгерлік рухты тәрбиелеу;

ұжымшылдық, батылдық және табандылық қасиеттерін дамыту;

қарудың құрылысы мен жұмыс істеуін меңгерту;

нысананы дәл және тиімді жоюға бағытталған атыс тәсілдерін үйрету;

әртүрлі жағдайда (күндіз, түнде, қозғалыста, қысқа және ұзақ қашықтықта) атыс жүргізу машығын қалыптастыру;

қару-жарақ пен оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды үйрету;

атыс даярлығынан бақылау және оқу жаттығуларын өткізу;

– арнайы операциялар кезінде жеке құрамның іс-қимыл тактикасын үйрету;

– шабуыл, қорғаныс, барлау, тосқауыл қою, арнайы топтық операциялар жүргізу тәсілдерін пысықтау;

– қала жағдайында және табиғи ортада іс-қимыл ерекшеліктерін меңгерту;

– ұжымдық өзара іс-қимылды, командирлік және басқарушылық дағдыларды дамыту;

– арнайы операцияларда ақпарат жинау, талдау және шешім қабылдау машықтарын қалыптастыру;

Курсанттар мен тыңдаушылардың тактикалық ойлау қабілетін, шешім қабылдау дағдыларын дамыту және т.б.

Профессорлық-оқытушылар құрамы:

Кафедра доценті: заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі Е.Е. Туребеков;

Кафедра аға оқытушылары: ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрлері, полиция подполковнигі А.А. Кушкимбаев, полиция подполковнигі А.Т. Алимжанов;

Кафедра оқытушылары: заң ғылымдарының магистрі полиция майоры Е.К. Балмуханов, полиция подполковнигі Е.М. Сибогатов

Оқу-әдістемелік жұмыс

Арнайы-тактикалық даярлық пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарын әзірлеу;

– Арнайы-тактикалық оқытудың ғылыми-әдістемелік базасын жетілдіру;

– Заманауи оқу әдістерін (симуляциялық тренажерлар, тактикалық ойындар, полигондық жаттығулар) енгізу

– Атыс пен тактикалық даярлықтың жаңа әдістерін, оқыту технологияларын әзірлеу және т.б.

Ғылыми-зерттеу қызметі

– Қарулы қақтығыстар, терроризмге қарсы операциялар, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заманауи тактикалық шешімдерді зерттеу;

– Арнайы операциялар тактикасы, тактикалық басқару және қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру бағытында ғылыми жобалар жүргізу;

– Заманауи қару-жарақ пен тактикалық жабдықты қолдану тиімділігін зерттеу;

– Курсанттар мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын ұйымдастыру және т.б.

Практикалық (далалық) даярлық

– Тактикалық жаттығулар мен оқу-жаттығу сабақтарын өткізу;

– Арнайы операциялар, шабуылдық және қорғаныстық іс-қимылдар, рейдтер, тосқауыл қою, топтық өзара іс-қимыл тәсілдерін пысықтау;

– Қару-жарақ пен әскери техника қолдану дағдыларын жетілдіру және т.б.

Тәрбиелік және патриоттық жұмыс

– Курсанттар мен тыңдаушыларда отансүйгіштік, әскери антына адалдық, жауынгерлік рух пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

– Ұлттық дәстүрлер мен жауынгерлік мұраны насихаттау;

– Ұжымдық рух пен өзара көмек принциптерін тәрбиелеу және т.б.

Халықаралық және тәжірибелік ынтымақтастық

– Өзге әскери және арнайы оқу орындарымен тәжірибе алмасу;

– Бірлескен оқу-жаттығулар мен ғылыми конференциялар ұйымдастыру;

– Заманауи халықаралық тәжірибені оқу процесіне енгізу және т.б.