23.09.2019
Институт бастығыполиция полковнигі А. Е. Қабдуевтің нұсқауын орындау мақсатында 2019 жылғы 20 қыркүйекте Кәсіптік және қосымша білім факультетінің бастығыполиция майоры Е. К. Балымовтың төрағалығымен арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен кездесу өтті.
Отырыста факультет бастығы полиция майоры Е. К. Балымовинституттың инспектор-психологы полиция лейтенанты Мадина Расулқызы Исламгалееваны таныстырып, алдағы уақытта семинарлар, тренингтертер өткізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, қандай да бір қиындық туындаған жағдайда тыңдаушылардың әрқашан Мадина Расулқызының көмегіне жүгіне алатындығы жайында айтты.
Курс бастығы полиция капитаны Е. Б. Қасымов тыңдаушыларға ІІМ және институт басшылығының әскери-қызметтік тәртіпті, институттың күн тәртібін және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін сақтау бойынша бұйрықтары мен нұсқаулықтарын жеткізді.











