Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

28.09.2024

Бүгін оқу ордамызда 1 курс курсантарының, жас қызметкерлердің және “Жас сақшы” полиция класының тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Ауқымды шараға ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Султанбаев Қайсар Абилекович, жергілікті атқарушы органның басшылары, қоғам белсенділері, институт ардагерлері, БАҚ өкілдері мен ата-аналар қатысты.

Қонақтар алдымен М.Бөкенбаевтың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Батырға 1 минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Шараның негізгі бөлімінде институттың жас офицерлері, курсанттар, кадеттер елімізді, Отанымызды сүйетін, қазақ елінің айбынды азаматы, нағыз патриоты болуға Ант етті.​ ​

Институт бастығы полиция полковнигі Н.Мұхаметқалиев жас сақшыларға анттарына адал болып, халық  үшін адал қызмет атқаратын білімді де саналы, ел сенімін ақтайтын  ұрпақ болуларына тілектестік білдірді. Сонымен қатар курсанттардың ата-аналары жүрекжарды ақ тілегін арнап жарқын болашақ  тіледі.  Салтанатты жиында балалар ансамблі ән шырқап, тыңдаушылардан құралған арнайы жасақ жауынгерлік ұрыс тәсілдерінен қойылым ұсынды.                                                                 

Қонақтар институттың мұражайын, мультимедиялық студиясын, криминалистикалық полигонын, казармасын көріп курсанттардың, тыңдаушылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Институтқа есімі берілген Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевқа арналған мұражаймен танысу барысында өткен тарихқа куә экспонаттарды тамашалап рухани әсер алды.

Ант қабылдау салтанатына еліміздің әр өңірінен келген ата-аналар ұл-қыздарымен қауышып, қуанышты сәтке ортақ болды.