Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АЛҒАШҚЫ КӘСІПТІК ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

10.02.2023

Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру» кафедрасының оқытушылар құрамымен алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен институт аумағындағы алаңда Ақтөбе облысы Полиция департаментіне  қарасты «Кинологиялық орталық» кинологтарымен, сонымен қатар қызметтік иттер, «Арлан» арнайы мақсаттағы жасақтың қызметкерлері, Полиция департаментінің Патрульдік полиция  батальонының инспекторларының қатысуымен тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тәжірибелік сабақ барысында институт қызметкерлерімен алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары Ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасап, жасырынған қауіпті затты іздестіруге белсенді қатысып кинологтардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар «Арлан» арнай жасақ саперлерінің жарылғыш затты жоюға арналған құрылғылар мен киім үлгісімен жақын танысты. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальонының инспекторларына көкейкесті сұрақтарын қойып жұмыстарымен танысты.