Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТПЕН ТАНЫСУ

3.09.2025

2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша 1 және 2 курс магистранттарымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында магистранттарға академиялық саясаттың қағидаттары, олардың маңызы және оқу процесінде қатаң сақталуы тиіс талаптар туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Институт басшылығы академиялық саятсатты бұзу түрлері, оған қатысты қолданылатын шаралар, ғылыми және оқу жұмыстарын адал орындау ережелері туралы барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Академиялық саясаттың қағидалары, оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, сабаққа қатысу талаптары, аралық және қорытынды бақылаулардың өткізілу тәртібі, сондай-ақ академиялық тәртіптік жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Академиялық адалдықтың негізгі принциптері – плагиатқа жол бермеу, өздігінен жұмыс орындау, емтихан кезінде тәртіп сақтау – жан-жақты түсіндіріліп, бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын шаралар туралы ақпарат берілді. Мұндай кездесулер оқу процесінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ магистранттар арасында адалдық пен академиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.