3.09.2025
2025 жылғы 3 қыркүйекте курсанттардың оқу үдерісіне жауапкершілікпен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында оқу жылының басында академиялық саясатпен 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 1, 2 – курс курсанттардыңтаныстыру жұмыстары жүргізілді. Оқу орнында қабылданған академиялық адалдық қағидалары, оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, сабаққа қатысу талаптары, аралық және қорытынды бақылаулардың өткізілу тәртібі, сондай-ақ академиялық тәртіптік жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Курсанттарға академиялық адалдықтың негізгі принциптері – плагиатқа жол бермеу, өздігінен жұмыс орындау, емтихан кезінде тәртіп сақтау – жан-жақты түсіндіріліп, бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын шаралар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар білім беру бағдарламасының құрылымы, пәндердің кредиттік жүйесі, оқу кестесі және оқу-әдістемелік материалдарды пайдалану тәртібі таныстырылды.Таныстыру барысында курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу үдерісіне қатысты маңызды ақпараттарды меңгерді. Академиялық саясатпен толық танысу олардың оқу орнындағы тәртіп пен талаптарды дұрыс түсініп, білім алуда жоғары жауапкершілікпен әрекет етуіне ықпал етеді.










