12.04.2021
Көктем-жаз мезгілінде, әсіресе түнгі және ымырт уақытта жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артады, бұл адамдардың өліміне және жарақаттануына әкеледі. Сонымен қатар, соқтығысу кезінде жануарлар өледі.
ЖКО-ның алдын алу және оған жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Ақтөбе қаласында фермерлермен және үй жануарлары иелерімен кездесу өткізіліп, оларға жануарларға арнайы жарық шағылыстырғыш таспалар кию қажеттілігі туралы түсіндірді.
Бұл шара жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын қысқартуға, азаматтардың өлімі мен әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарының санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді.











