9.08.2025



Абай Құнанбайұлының есімі қазақ халқының жаңа дәуірінің бастауында тұрған айрықша жарық жұлдыз болып саналады. Ол тек ақын ғана емес, сонымен қатар ойшыл, философ, композитор және қоғам қайраткері ретінде қазақ қоғамының сана-сезімін оятып, алға жетеледі.
Абай Құнанбайұлының мұрасы — бұл тек өткеннің көзі емес, сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтар үшін өмірлік бағдар беретін рухани қазына. Оның даналығы, парасаты және өнегелі сөздері қазіргі Қазақстанның әлемдік өркениетке ұмтылысында маңызды рөл атқарады.
Осы аталғандарды негізге ала отырып Институттың тыңдаушыларына Абай туралы бейнефильм көрсету ұйымдастырылды.







