Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Абай атындағы көркемсөз шеберлерінің конкурсы туралы

5.05.2018

2018 жылғы 4 мамырда Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты дәстүрлі тіл фестивалі аясында Абай атындағы көркемсөз шеберлерінің конкурсы өтті. Конкурсқа ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының атынан 1А курс курсанты 101-оқу тобының курсанты Зарина Забихова қатысты.

Аталмыш конкурстың мақсаты – мемлекеттік тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жастардың әдеби шығармаларға деген қызығушылығын ояту.

Интситут атынан байқауда З.Забихова М.Жұмабаевтың «Тәңірі» поэзиялық шығармасы мен Оралхан Бөкейхановың «Алтай табиғаты» прозалық шығармасын мәнерлеп жатқа айтудан сынға түсті. Байқаудың қорытындысында З.Забихова белсене қатысқаны үшін қала әкімінің орынбасары К.Айдарханованың атынан алғысхатпен марапатталды.

 

Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі