14.01.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ақпараттық саясат бөлімшесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
1. Ақпараттық саясат бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіл және ақпараттық саясатын жүзеге асыратын ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының (бұдан әрі– институт) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.
2. Бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімше құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министр бекітеді.
4. Бөлімше 1 бірлік бөлімше бастығынан және 1 бірлік аға инспектордан, 2 бірлік инспектордан тұрады.
2. Бөлімшенің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары және міндеттемелері
5. Міндеті: Тіл саясаты саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, сондай-ақ ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
1) Институттың жеке құрамына мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өткізу және талдау.
2) Мәтінді мемлекеттік тілге аудару кезінде аудармасы қиындық тудыратын сөздер мен сөз тіркестерінің тізбесін құру және оларды қарау үшін ІІМ Ақпараттық саясат департаментіне үнемі жіберуді қамтамасыз ету.
3) Институтта мемлекеттің тіл және ақпарат саясатын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, ІІМ-нің бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулары нормаларының сақталуын бақылау, олардың талаптарын бұзуды жою туралы ұсынымдар беру;
4) Мемлекеттік тілдің институтта іс жүргізу тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
5)Институттың, оның бөліністерінің қызметін ақпараттық сүйемелдеу.
6) Брифингтер, баспасөз конференцияларын, интернет-конференциялар ұйымдастыру, баспасөз релиздері мен ақпараттық хабарламалар тарату.
6. Функциялары:
1) Институттың бөліністері мемлекеттік тілде әзірлеген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударған құжаттардың мәтіндерін редакциялау және түзету;
2) Бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ мемлекеттің тіл және ақпараттық саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың отырыстары мен кеңестеріне қатысу;
3) Ішкі істер органдары үшін заңнамада белгіленген құзырет шегінде БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасу;
4) БАҚ-пен, сондай-ақ құқық қорғау, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасудың ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру;
5) Институттың қызметіне қатысты теріс жарияланымдарға жедел ден қоюды қамтамасыз ету;
6) Институттың басшылығына ішкі істер органдарының қызметіне қатысты БАҚ-тағы жарияланымдардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы жедел ақпарат беру.
7) Институт бастығы блогының уақытылы жаңартылуын бақылау, институттың ресми сайтының бөлімдерін ақпараттық толықтыру және олардағы материалдарды жаңарту;
8) Институттың ресми сайтында жарияланатын ақпараттың өзектілігі мен шынайылығын қамтамасыз ету.
7. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) мемлекеттік тіл және ақпарат саясатын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының орындалу барысы мен институттағы мемлекеттік тілде іс жүргізу процесін бақылауға;
2) бөліністердің бастықтарынан белгіленген тәртіппен мемлекеттік тілді дамыту және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасу бойынша мәліметтер мен атқарылған жұмыс туралы есептер талап етуге;
3) мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттік тілді оқыту бойынша емтихандар мен сынақтар қабылдауға;
4) мемлекеттік тілдегі құжаттардың жобаларында орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателерге жол берілгенде жәнеоларды әзірлеудің белгіленген ережелері бұзылған жағдайда пысықтауға қайтаруға;
5) институттық құрылымдық бөліністері қызметкерлерінің мемлекеттік тілді оқыту сабақтарына қатысуын бақылауға, сабаққа қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау жөнінде институттың басшылығына ұсыныстар енгізуге;
6) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін институттың бөліністерінен қажетті құжаттар, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
7) ІІМ-нің, институттың қызметтерінде және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберуге;
8) институт басшылығына мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану процесіне теріс ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ ІІМ-нің тіл және ақпараттық саясат саласы бойынша жұмысты жетілдіру, тіл және БАҚ туралы заңнаманы бұзуға жол беретін басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
- Бөлімшенің қызметін ұйымдастыру
8. Бөлімше Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
9. Бөлімшені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы немесе бөлімшенің лауазымы жоғары қызметшісі басқарады.
10. Бөлімше бастығы немесе бөлімшеде лауазымы жоғары қызметші бөлімше қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
11. Бөлімше бастығы немесе бөлімшеде лауазымы жоғары қызметші институт бастығына бөлімше құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
12. Бастық немесе бөлімшеде лауазымы жоғары қызметші осы мақсатта:
1) Өз өкілеттігі шеңберінде бөлімшенің қызметін үйлестіреді.
2) Бөлімше қызметкерлерінің міндеті мен өкілеттіктерін айқындайды;
3)Қазақстан Республикасының Заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13. Бөлімше құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімше атынан басқа құрылымдық бөліністерге жіберілетін құжаттарға бөлімше басшысы немесе бөлімшеде лауазымы жоғары қызметші, болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
14. Бөлімше бастығы өзіне берілген құқықтар мен өкілеттіктер шегінде қызметтік міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына, Ар-намыс кодексі нормаларының және басқа да заңнамалардың талаптарының сақталуына дербес жауапкершілікте болады.
Бөлімше бастығы,
әрі институт бастығының баспасөз хатшысы
Нұрмұхамбетова Жанат Бердалықызы
Бөлімше инспекторы
Жансерікова Әсем Жансерікқызы