Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ақтөбе-таза қала»

25.07.2019

Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарының және қоғам белсенділердің қатысуымен «Ақтөбе-таза қала»атты тазалық акциясы аясында қаламызды қоқыстан тазарту жұмыстары 2019 жылдың 24 шілдесінде жоспар бойынша өткізілді. Акцияның мақсаты: қалдықтарды дұрыс өңдеу және қазіргі қоғам мен жас ұрпақтың жаңа экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Осыған орай, аталмыш акцияға Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушылары қатысып, қаланың шетін жиналған қоқыстардан және тұрмыстық қалдықтардан тазартуда өз үлестерін қосты.