Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкерлерімен көшпелі кездесу

30.11.2021

2021 жылдың 25 қарашасында «Жаңа форматтағы прокурор –тергеуші» өңірлік жобасының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, прокуратура қызметкерлерінің жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудегі, атап айтқанда, кісі өлтіруді тергеуді қылмыстық–процестік және криминалистикалық қамтамасыз етудегі дағдыларының сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкерлеріне дәріс өткізді. Дәрісте дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдаланудың ерекшеліктері, ережелері мен заңдылықтары, сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеудің заманауи техникалық, тактикалық және әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.