Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметіне (МКҚ) арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен жүргізілген тәжірибелікшығу сабағы

17.07.2019

2019 жылғы 16шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаеватындағы Ақтөбе заң институтыӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының профессоры полиция майоры Ч.К. Утегенов және ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры С.Р.КалиповаЖол картасында белгіленген басты басымдықты,тыңдаушыларды тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты жүзеге асыру мақсатында«Кәсіптік даярлық» пәні бойынша алғашқы кәсіби даярлық курстарының 4 және 9 взводының тыңдаушыларыментәжірибелік шығу сабағын өткізді.

Тыңдаушылар тәжірибелік сабақ аясындаҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттық-өндірістік орталығынабарды.

Сабақ барысында Ақтөбе облысы МКҚ полициясы және техникалық қызмет көрсету бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры А.В.Гулей тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің МКҚ жұмыс тәртібі және ұйымдастырылуымен таныстырып, күзетілетін обьектілерде өткізу және тексеру жүргізудің негізі мен тәртібін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ережесін түсіндірді. 

Сонымен қатар, сыртқы тексеру процесі көрнекті көрсетіліп, қауіпсіздік шаралары және стационарлық күзетілетін объектілердеқызмет етудің тәртібі түсіндірілді.

Соңында тыңдаушылар сабақ тақырыбы бойынша қызықты сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.

ӘҚ ІІО ӘҚ кафедрасының профессоры

полиция майоры                                                                        

Ч.Утегенов

ӘҚ ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                                                       

С.Калипова