Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНА АРНАЙЫ БАСТАПҚЫ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҒЫ

10.03.2023

«Процессуалдық даярлық» пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамымен 2023 жылғы 10 наурызда Ақтөбе облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында алғашқы кәсіби даярлық  курсының тыңдаушылары үшін шығу сабақтарын өткізді.

Сабақ барысында кинология орталығының инспекторы, полиция аға лейтенанті С. С. Алдерзин тыңдаушыларды кинолог жұмысының ұйымдастырылуымен, учаскелік полиция инспекторлармен, жедел-тергеу бөлімшелерімен, криминалист мамандарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі мен ережелерін, тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ автокөлікті тексеру және тінту жүргізу кезінде есірткі құралдарын анықтау тәртібін көрнекі түрде көрсетті.

  Қылмыстық құқық, қылмыстық

                                                  процесс және криминалистика  

                                                  кафедрасының  аға оқытушысы  

                                                 полиция подполковнигі С.М. Минайдаров