Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру

20.10.2020

20.10.2020 жылы Ақтөбе облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері арасында ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы бекітілген жоспарын орындау үшін Шалқар ауданының полиция бөлімінде болды. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ өкілдері, жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі А.К. Ибраева және кафедраның аға оқытушысы полиция подполковнигі М.Д. Тулешев аудан бөлімінің жеке құрамына Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Шалқар қаласының полиция қызметкерлері үшін ауданның мәдениет үйінде 2020-2021 жылдарға арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “құқықтық мәдениет” арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында А.К.Ибраева аталған жобаның маңызы туралы сөз сөйлеп, полиция қызметкерлері үшін құқықтық сауаттылық пен жоғары құқықтық мәдениеттің маңыздылығын атап өтті.

21.10.2020 жылы Ырғыз және Әйтеке би аудандарының полиция бөлімдеріне барып, мәдениет үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесулер өткізілді.

22.10.2020 жылы Хромтау ауданының полиция бөлімінің акт залында полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды, лекторлар А.К.Ибраева мен М.Д.Тулешев Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын жеткізді.

Жолдауда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ өкілдері А.К.Ибраева, М.Д.Тулешев, Шалқар, Ырғыз, Әйтеке би және Хромтау полиция бөлімдерінің полиция қызметкерлерімен айтылған мәселелерді талқылау кезінде оларды қызықтырған сұрақтар қойылып, толық және мазмұнды жауаптар алынды.

Кездесу соңында аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы мен жеке құрамы Мемлекет басшысының жолдауы аясында түсіндіру жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.

Жалпы заң пәндері кафедрасының

аға оқытушысы полиция подполковнигі                          

М.Д.Тулешев