Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығына арнайы бастапқы курсының тыңдаушыларының шығу тәжірибелік сабағы

5.10.2019

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 -2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, “Криминалистика” пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын күшейту мақсатында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н. А. Чупринюк және аға оқытушысы полиция майоры С. М. Минайдаров 2019 жылғы 02-04 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында арнайы бастапқы оқыту  курсының 1-9 взводының тыңдаушылары үшін шығу тәжірибелік сабақтарын өткізді.

Сабақ өткізу барысында аға инспектор кинолог Г. Я. Жусипов тыңдаушыларды кинолог жұмысының ұйымдастырылуымен, патрульдеу кезінде учаскелік инспекторлармен, жедел-тергеу бөлімшелерімен, сараптама мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібімен таныстырды. Одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі мен ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ автокөлікті тексеру және тінту жүргізу кезінде есірткі құралдарын анықтау тәртібін көрнекі түрде көрсетті.

Қылмыстық процесс және  криминалистика  

 кафедрасының  аға оқытушысы 

 полиция майоры

С. М. Минайдаров