Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе облыстық Қызыл жарты ай қоғамының филиалы мамандары өткізген оперативті-тактикалық тәжірибелік сабағы

10.06.2019

2019 жылғы 6 маусымда Ақтөбе облысының «Қызыл жарты ай» қоғамының нұсқаушы мамандарының өткізген дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету сабағының жалғасы ретінде оқу үрдісінің тәжірибелік бағыттылығы  бағдарламасын іске асыру аясында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында ІІО-на бірінші отраңғы басқарушы құрам лауазымына қызметке қабылданып жатқан қызметкерлердіңарнайы бастапқы оқу курсы тыңдаушыларына қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы 2019жылғы 10 маусымда төмендегі нұсқаушы мамандармен бірлесіпдәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибелік сабағын өткізді: Тажибаева Замзагуль Аюповна, Дияров Ералхан,Мутигина Нуриа,Ревякин Вадим,Исмагулов Алмат және 40  еріктілер қатысты.

Жарысқа алғашқы даярлық курсының тындаушыларынан құрылған  5 топ қатысты:«Победа», «Қыран», «Қайсар», «Тұлпар», «Барыс».Сценарий бойынша  әр түрлі жағдайлы 5 аумақ құрылды(оқиға орны)нақтылап айта кетсек:

1.“Поезд” – Вагон жедел тоқтату әсерінен  рельстан шығып кетті,5 адам жарақат алды.Оларға алғашқы көмек көрсету керек болды(қолы  ампутацияланған жігіт,қолы күйген қыз,ашық бас жарақаты бар жігіт,ішінен соққы алған жігіт).

2. “Самолет”-әуе апаты,4 адам  зардап шекті шөлмек сынығы еніп сыртына шығып тұрған ашық аяқ сынығы, есін  жоғалтпай,көп қан жоғалтқан жігіт; ашық іш жарақаты мен  ішек – қарны ақтарылуымен, көп қан есін жоғалтпаған қыз; жас қыз шок жағдайында жылап, өзінің ата-анасын іздеп жатыр).

3. «Жол-көлік оқиғалары» –  жолға жүгіріп шыққан  жасөспірімдермен жол соқтығысынан қашқан автокөлік жүргізушісі, жылдам бұрылып кедергілерге соғылады. Көлікте 3 жолаушы (жүргізуші – бас жарақаттары маңдайына шыны сынығы кірген,есінжоғалпағанбірақ арасында есін жоғалтады,   қыз бала шок жағдайында  балаға айғайлай бастады, далаға жүгіріп шығып, көліктің маңында жүр, жолаушы ер адамда  омыртқа сынғаны туралы күдік бар, жасөспірімде – шок жағдайы.

4. «Ломбард» – түскі уақытында ломбардқа қаруланған адамдар баса көктеп кірді, қызметкерлердікепілдікке алды, сөйлескеннен кейін полицейлердің талабына келіспеді және  берілмеді. Полиция қызметкерлері ломбард кеңсесіне газдық шабуыл жасады. Жарақат алушылар – 5 адам: 3 ес-түссіз, кеудесіне оқ тиген, 1күзетші, 1 жарақаттанушы есін жоғалтпаған.

Әр команда медициналық алғашқы көмек көрсету қабылдауларын жасап  болған соң ,  төрешілер  жіберілген қателіктерді көрсетіп, әр командаға баға қойды.

Соңғы ситуациялық аймақта жүрек-легальдық жансақтау станциясы ұйымдастырды: 5 манекен (4 үлкен адам, 1 емшектегі бала). Бір манекен суға батып бара жатқанды елестетеді. Қатысушылар кем дегенде 5-6 рет жаттығу өткізу керек, сол кезде төреші орындалған тапсырмалардың дұрыстылығы мен алгоритмнің орындалуын тексереді.

Жарыстың соңында төрешілер   балдарын есептеп,  жүлделі орын алған жеңімпаздарға грамоталар және сыйлықтар берді. Бірінші орынды «Қайсар» командасы алды. Оның құрамында:  И.Симчич, Р. Мухамеджанов, Ж.Калиаскаров, М. Каласов  және Е. Каленова. Екінші орын «Қыран» командасы, құрамында:  Д. Рымбаева, М. Мурат,  Б. Ултамбаев, С. Космагамбетова, және Д. Абдрахманова . Үшінші орын «Победа» командасы, құрамында А. Канафина, Р.  Хусаинов,  К.  Молдабеков, Н. Салимхан  және А. Болатбекова. Жарыстың қалған қатысушылары сыйлықтар алды.

Институт басшылығы мен қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы қызметкерлерінің атынан  Ақтөбе облыстық Қызыл жарты ай қоғамының филиалы қызметкерлері  З. Тажибаеваға, Е. Дияровқа, Н. Мутигулинаға, В. Ревякинге,  А.Исмагуловағакең масштабты, қызықты және ауқымды іс-шара өткізгені үшін алғысхаттар табыс етілді. Еріктілер мен тәжірибенің кішкентай қатысушыларына тәтті сыйлықтар берілді және алғыс сөздер айтылды. 

Кәсіби білім тұлға болып қалыптасудың стратегиялық негізі, қоғамның, ұлттың, мемлекет дамуының тұрақты кепілі. Жаһандану жағдайларында ІІМ жүйесіндегі кәсіби біліктілікке үлкен талаптар артылуда. Ақпараттық даму заманының қарқынды өзгерістеріне ІІО-ның қызметіне қызметкерлерді даярлау, қызметкерлерлердің қызметін атқару барысында, төтенше жағдайларда, кәсіби білімін басшылыққа ала отырыпшұғыл, тиімді және тез арада шешім қабылдап мәселенің шешілуін қамтамасыз етуді, яғни «Жаңа форматтағы» полиция қызметкері тек ғана теориялық базалық білім емес, өмір ағамының кез кеген сынақтарына, кәсіби даярлығымен қатар психологиялық төзімділік таныта отырып, медициналық алғашқы көмек көрсетуге дайындығымен ерекшеленді.

ҚПжК кафедрасының

бастығы полиция подполковнигі                                          

Н.Т.Саханова