20.02.2020
2020 жылғы 20 ақпан күні Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңестің бастамасымен “Ақтөбе Медиа” базасында “Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту туралы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Р.К. Қарабалиев болды. Аталған дөңгелек үстелге оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша ҚР БҒМ комиссиясының сарапшы-мүшесі, “Ақтөбе”, “Актюбинский вестник” газеттерінің және “Қазақстан-Ақтөбе” телекомпаниясының журналистері, Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының атынан аталған дөңгелек үстелге институт бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов және қашықтықтан оқыту тобының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Р. Б. Молдыбаева қатысты.
Дөңгелек үстелде Ақтөбе қаласының жетекші жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқытуды қолдану мәселелері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оқу орындарына шет елдердің тәжірибесі бойынша оқытудың осы әдісін енгізу туралы пікір айтылды.
ОӘО ҚОТ аға оқытушы – әдіскері
полиция майоры
Р.Б.Молдыбаева










