11.01.2024
11.01.2024 жылы 9.30 мен 12.30 сағат аралығында ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А.Б. Жаманов және оқытушысы, полиция майоры И.О. Фаткулин мемлекеттік және орыс тілінде 11 сынып оқушыларымен (73 адам) ҚР ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтына оқуға түсу туралы брошюралар және бейнероликтер көрсетумен кездесу өткізді.
Кездесуге мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері қатысты.
Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.
Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.










