11.07.2019
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жол картасында белгіленген басты басымдықтарды, институт тыңдаушыларын тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты орындау мақсатында 2019 жылғы 10 шілдеде ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры В.В. Хасанова «Кәсіптік даярлық» пәні бойынша бастауыш кәсіптік білім беру курсының 5 және 7-взводының тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақ аясында тыңдаушылар Ақтөбе қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына барды.
Сабақ барысындаАқтөбе қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының полицейі полиция сержантыА.К.Суингариев тыңдаушыларды ҚР ІІМ 2011жылғы 23 мамырдағы №233«Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындары қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттелген ішкі істер органдарының арнайы қабылдау-тарату орнының тәртібімен және қызметін ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырды.
Одан соң, А.К.Суингариев жеке басты куәландыратын құжаттары және (немесе) тұрғылықты жері жоқ адамдарды орналастыру және ұстау тәртібін, мерзімін, негіздерін,сондай-ақ қылмыс жасаған, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, із-түзсіз жоғалған адамдардың жеке басын анықтау, сәйкестендіру және кейін тиісті органдарға беру; ұсталушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және олардың өз бетімен кету мүмкіндігін болдырмайтын қабылдау-тарату орнындағы режимді қамтамасыз ету тәртібі;ұсталушы адамдарға медициналық көмек көрсету шарттары және балалары бар әйелдердің, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың ерекшеліктерінтүсіндірді.
Соңында тыңдаушылар А.К. Суингариевқа сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
В.В. Хасанова








