Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қалалық сотының судьясымен дәріс сабағын өткізу

13.03.2018

2018 жылғы 13 наурызда тәжірибелік қызметкерді оқу сабақтарына қатыстыру кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша №5 «Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы» тақырыбында 1 Б курс 101-102 оқу топтары курсанттарына №1 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Жугунисова Мираш Памешқызының қатысуымен дәріс сабағы өткізілді.

Сабақты ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты ЖҚП кафедрасының аға оқыушысы полиция подполковнигі З.Нұрыш ашты. Кіріспе сөзінде З.Нұрыш курсанттарға тақырыптың атауын, оның өткізілу жоспары мен мақсатын, қаралатын тақырыптың маңыздылығынкөрсетті, сонымен қатар шақырылған қызметкерді таныстырды.

Дәріс сабағының мақсаты – азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығына түсінік беру, азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығының түрлерімен таныстыру.

Жоспар бойынша келесідей сұрақтар қарастырылды:

  1. Ведомстволық бағыныстылығықтың түсінігі және түрлері
  2. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылы
  3. Азаматтық істердің соттылығы

Сабақ өткізу барысында М.П. Жугунисова  2015 жылғы 23 қарашада қабылданған жаңа Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға басты назар аударды.

Дәріс сабағы барысында курсанттар сот органдарына азаматтардың талап арыз беру, электрондық сот кабинетінің жұмыс тәртібі, сонымен қатар сот қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Тұтастай алғанда, тәжірибелік қызметкер М.П.Жугунисованың қатыстырылумен өткізілген сабақ өз мақсатына жетті.

 

ЖҚП кафедрасының

аға оқытушысы

полиция подполковнигі                                                         

З.З.Нұрыш