Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік тәртіпте ұсталғандардың арнайы қабылдау орнына шығу тәжірибелік сабағы

27.06.2019

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Жол картасында белгіленген басты басымдықтарды, институт тыңдаушыларын тәжірибелік-бағдарлы оқытуға арналған үшінші бағытты орындау бойынша белгілі бір шаралар жүзеге асырылуда.    

Мәселен, 2019 жылғы 26 маусымда ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы полиция майоры В.В.Хасанова «Кәсіптік даярлық» пәні бойынша бастауыш кәсіптік білім беру курсының 5 және 7-взводының тыңдаушылары  үшін тәжірибелік сабақ өткізді.

Тәжірибелік сабақтың барысында тыңдаушылар Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік тәртіпте ұсталғандардың арнайы қабылдау орнына барды.

Сабақта Ақтөбе қалалық полиция басқармасының әкімшілік тәртіпте ұсталғандардың арнайы қабылдау орнының бастығы полиция майоры

К.А. Нысанов тыңдаушыларды ҚР ІІМ 2011жылғы 23 мамырдағы № 232  «Ішкі істер органдары  арнайы  қабылдау орындарының қызметтік ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығымен реттелген ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орнының тәртібімен және қызметін ұйымдастыру жұмыстарымен таныстырды.  

Одан соң, К.А.Нысанов арнайы қабылду орнындағы режимді қамтамасыз ету тәртібін түсіндірді: үй-жайдың негізінің қалануы мен әкімшілік тәртіпте тартылған тұлғаларды күтіп-ұстаудың ерекшеліктері; қабылдау орнының кезекші бөлімінің жұмысын ұйымдастыру; қамауға алынған тұлғаларға объектінің аумағында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және ережелерге сәйкес медициналық көмек көрсету жағдайы; арнайы қабылдау орнының кезекшісінің және қамауға алынған тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.

Сонымен қатар, тұлғаларды себептер мен шарттарды түсіндіре отырып, дактилоскопиялық және фото есепке алу процесінің қойылымы көрнекі көрсетілді.

 Соңында тыңдаушылар К.А. Нысановқа сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойып,  толық жауаптар алды.

ӘҚжІІОӘҚ кафедрасының оқытушысы

 полиция майоры

 В.В. Хасанова