Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қалалық ПБ Алматы ауданының № 3 ҚПБ №2 учаскелік полиция пунктінде бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен тәжірибелік шығу сабағы

17.02.2020

2020 жылғы 13 және 17 ақпан күндері ІІО ӘҚ кафедрасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Р.С.Ізбас және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті полиция полковнигі Л.С.Маланьина Ақтөбе қалалық ПБ Алматы ауданының № 3 ҚПБ №22 учаскелік полиция пунктінде бастапқы оқыту курсының 8,9,12,13 топтары тыңдаушыларымен тәжірибелік шығу сабағын өткізді. Тәжірибелік шығу сабағының мақсаты тыңдаушылардың теориялық білімдерін бекіту мен тереңдетуге, кәсіби практикалық дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін практикалық сабақтың рөлін күшейту, тыңдаушыларды ұйымдастырушылық қызметімен таныстыру, таңдаған мамандыққа қызығушылығын одан әрі ынталандыру.