Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде арнайы бастапқы оқыту курсының тыңдаушыларымен тәжірибелік сабақ өткізу

6.03.2020

Аумақтық ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметімен таныстыру, оқытудың тәжірибелік бағыттылығының деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында, 2020 жылдың 06 наурызында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы полиция майоры А.А. Алмагамбетова Ақтөбе қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде арнайы бастапқы оқыту курсының 6-топ тыңдаушыларымен кәсіби даярлық пәні бойынша № 10 «Төтенше жағдайларда эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді. Ақтөбе қалалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тарапынан институт тыңдаушыларына олардың негізгі қызметтері туралы ақпараттар жеткізілді.

Тыңдаушылар өрт сөндірушілердің атқаратын тапсырмаларын ұғып, оларды жүзеге асыру тәртібімен танысты. Сонымен қатар, сол өрт сөндіру бөлімінің мұражайын көре алды.

Осындай тәжірибелік сабақтарды өткізу оқу процесінің тиімділігін едәуір арттырады.