11.12.2021
2021 жылғы 9 желтоқсанда Ресей ІІМ Уфа заң институтыменбейнеконференцбайланыс (TrueConf) форматында жоғары оқу орындарының, Қазақстан Республикасының, Ресейдің, Башқұртстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Монғолияның, Қырғызстан Республикасының жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының сондай – ақ, Башқұртстан Республикасы Уфа қаласындағы бала және адам құқықтары жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен “Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекет пен қоғамның өзекті мәселелері” (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдауға арналған) тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Аталған шарада адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің теориялық және тарихи-құқықтық аспектілері, адам құқықтарын қамтамасыз етудің философиялық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-экономикалық проблемалары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің Конституциялық, халықаралық және азаматтық-құқықтық негіздері, адам құқықтарын қорғаудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері, ішкі істер органдарының кадрларын даярлауды жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Конференцияда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.С. Маханова “Права человека как высшая ценность современной цивилизации” тақырыбында баяндама жасады.









