25.09.2017
2017 жылғы қыркүйек айының 11 мен 23 аралығында МКҚБ рота командирлері, командирлердің орынбасарлары, взвод командирлері «МКҚБ бөліністерінде кадр қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында біліктілікті арттыру курсын оқып, аяқтады.
Біліктілікті арттыру курсында оқу процесі бекітілген оқу және тақырыптық жоспарлары негізінде өткізілді.
2017 жылдың 12 қыркүйегінде кәсіптік және қосымша білім факультетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізді.
Тыңдаушылардың оқу бағдарламасын тәжірибемен байланыстыру үшін Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдары мен өзге де мекемелеріне тысқа шығу сабақтары ұйымдастырылды. Мысалы, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі М. Избасов Ақтөбе облыстық ІІД жедел басқару орталығына және Ақтөбе облысы МКҚБ-ға апарып, оның жұмыстарымен таныстырып, тәжірибе алмасу мақсатында шығу сабақтарын өткізді. Сабақ барысында оларға жаңа техниканың жетістіктері мен қызметтік мүмкіндіктері туралы кең мағлұмат берілді.
2017 жылғы 14 қыркүйекте жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А. Каримбаева дәріс сабағын тәжірибелі қызметкер Ақтөбе қаласы сотының судьясы А.Н.Абдраева өткізді. Сабақ барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің жұмысы, онда Ұлт жоспары аясында болып жатырған жаңашылдық пен ерекшеліктер туралы мәлімет беріліп, сот тәжірибесіндегі адам мен азаматтардың бостандығын қорғау туралы деректермен таныстырылды.
Сабақтан тыс уақытта тыңдаушылар институттың жалпы кітапханасында дайындалып, оларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Т.Ахтанов атындағы драма театрына, А.Молдағұлова мұражайына, институт мұражайына барды.
Тыңдаушылар оқу курсын аяқтаған соң, өткізілген тақырыптардың аясында кешенді емтихан тапсырды. Тыңдаушыларға курсты толық оқып аяқтағандығы жөнінде сертификат берілді.