Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақпарат Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің оқытушыларымен және студенттерімен көшпелі кездесу

30.11.2021

Құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2017-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2021 жылдың 23-ші қараша күні қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова және осы кафедраның оқытушысы полиция подполковнигі Б.М.Мұхамедьярова Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің профессорлық оқытушылық құрамымен және заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу аясында заңға бағынатын азаматты қалыптастыруға бағытталған семинар-тренинг өткізілді.Мақсаты: жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің құқықтық сауаттылық деңгейін  ілгерілету үшін заңнаманы түсіндіру, құқықтық көмек көрсету арқылы құқықтық ағартудың және білім беру ұйымдарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру.

ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы

полиция полковнигі                               Н.Т.Саханова