16.12.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында, арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының ұйымдастыруымен тұрақты құрам арасында 9-мм Макаров тапаншасынан ату жарысы өткізіліп, үздіктер анықталды.
Атап айтсақ:
1-орынға🥇 ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері полиция майоры А.А. Длимов,
2-орынға 🥈институт бастығының көмекшісі полиция майоры Ш.Т.Елтаев,
3-орынға 🥉көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі А.А. Белов ие болды.
🏅«Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясы бойынша институттың оқу-әдістемелік орталығы бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.С. Галиуллина марапатталды.
Құттықтаймыз!













