Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

13.01.2018

2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 «Б» курс курсанттары Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірден озғанына 74 жыл толуына орай еске алу іс-шарасына қатысты. 1 «Б» курс курсанттары мен Батыр қыздың жиені Сапар Молдағұлов және «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес Әлия музейінде болған іс-шарадан кейін, аллеядағы Әлия ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.