Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

30 шақырым қашықтыққа жаппай жүгіру

29.08.2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алғашқы кәсіптік даярлық курстарының тыңдаушылары айтулы оқиғаға қатысты. Келешек офицерлер Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және “Заң және тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында 30 шақырым қашықтыққа жаппай жүгіру өткізді.
Бұл іс-шара тек спорттық жарыс емес, сонымен қатар терең идеологиялық мәнге ие болды. Жүгіруге қатысушылар өздерінің физикалық және моральдық дайындығын, сондай-ақ қоғамдағы заң үстемдігіне және тұрақтылықты сақтауға деген адалдығын көрсетті.
Жүгірудің басты мақсаты — болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бойында жоғары патриоттық сезімді, кәсіби міндеттерге адалдықты, табандылық пен қайсарлықты қалыптастыру. 30 шақырымдық қашықтық олардың күш-жігерін, төзімділігін және ортақ мақсатқа жету үшін командада жұмыс істеу қабілетін шыңдауға мүмкіндік берді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орайластырылуының символикалық мәні зор. Бұл — мемлекеттің негізгі заңының маңыздылығын, құқықтық мемлекет құрудағы оның рөлін және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлін еске салу. Іс-шара қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар қашықтықты сәтті еңсеріп, өздерінің кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.