30.05.2017
Курсанттар мен тыңдаушылар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, патриоттық сезімін және Отанға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында бірқатар шаралар өткізілді.
Кафедра бастықтарымен ауыспалы құрам арасында тәрбие жұмысын жүргізу кестесіне сәйкес, 2017 жылғы 14 наурызда орта басшы құрам санаты бойынша АБОК тыңдаушыларымен институт акт залында жалпы білім беру кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.Саттарова «Профилактика вовлечения молодежи в религиозные радикальные группы террористического и экстримального характера» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу барысында тыңдаушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, «Обманутая женщина» (әңгімелесу тақырыбына байланысты) көркем фильмін тамашалады.
2017 жылғы 28 наурызда кіші басшы құрам санаты бойынша АБОК тыңдаушыларымен институттың дәріс залында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Т.Илайков «Қазақстан Республикасының ІІО қызметіне тұру. Қазақстан Республикасының ІІО демалыстары» тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Сонымен қатар, 2017 ж ылғы 30 наурызда жедел іздестіру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.М.Тынымов кіші басшы құрам санаты бойынша АБОК тыңдаушыларына институттың акт залында «Заблудшие», «Территория мира» деректі фильмдерін көрсетіп, терроризм, діни экстирмизм тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кафедра бастықтарымен ауыспалы құрам арасында тәрбие жұмысын жүргізу кестесіне сәйкес, 2017 жылғы 06 сәуірде 1-курс курсанттарымен институттың №111 дәріс залында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасы бастығының м.а. полиция полковнигі М.Нұршаев «ІІО қызметкерлерінің тәртібі, мәдениеті» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу барысында тыңдаушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.
2017 жылғы 21 сәуірде 1-курс курсанттарымен институттың дәріс залында әкімшіліқ құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасы бастығының орынбасарының м.а. полиция майоры Р.Ізбас «Қоғамда қандайда болмасын құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру туралы» тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.