25.04.2025
М. Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицейінде оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтауға саналы тәрбиелеу, жолда жүру ережелері және жол белгілері туралы білімдерін кеңейту, ойындық тапсырмалар арқылы қабілеттерін зерделеу мақсатында «Жол қозғалысының жас инспекторлары» атты мектепішілік байқауы өткізілді. Байқауға 7-9 класс оқушыларынан жасақталған 7 команда жоғары дайындықпен белсенді қатысты. Сайыс барысында Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Г.Н.Тоқпанбетова төрелік етті.
Нәтижесінде 8 “А” класынан құралған “Болашақ көшбасшылар” командасы бас жүлдені иемденіп, қалалық кезеңге жолдама алды.


