Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

3.04.2025

Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз Байтасовтың азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.
Осыған орай тәрбие жұмысы бөлімімен тыңдаушылардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында азаматтардың қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиған полиция қызметкерінің өмір жолына қатысты мәліметтер беріліп, ерлігін насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді. Бұл болашақ жас полицейлердің кеудесінде патриоттық рухтың қалыптасуына, қызметтік міндеттерін адал атқаруға үлес қосары анық.