Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

11.03.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында іске асыру жөніндегі іс-шаралардың медиа-жоспары орындау мақсатында Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Д.С.Муканова және оқытушысы полиция майоры Л.М.Туребекова бірлесіп ағымдағы жылдың 11 наурыз күні 1 курс 101-105 оқу тобының курсантарымен «Азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң үстемдігін сақтау» дөңгелек үстел өткізді.

Аталған дөңгелек үстел болашақ офицерлердің заңның маңыздылығына үйретіп, құқықтық мәдениет пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау туралы түсініктерін нығайтты.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде курсанттардың заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты түсініктері кеңейіп, құқық қорғау саласындағы кәсіби білімдері мен дағдылары нығайтылды. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралардың құқықтық мәдениетті қалыптастыруда және жастарды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Бұл іс-шараның нәтижесі ретінде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудағы заң үстемдігін сақтауға бағытталған ұстанымдар мен ұсыныстар ұсынылды.