Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

15.03.2025

«Наурызнама» бойынша 15 наурыз- «Қайырымдылық күні».
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! 15 наурыз күні алғашқы кәсіби даярлық “Б” курсының тыңдаушылары Қарттар үйінің аумағын қардан тазартып, қолғабыс көрсетіп, үлкендердің ризашылығы мен алғысына бөленді.