12.03.2025
Институт бастығы полиция полковнигі Ғ.М.Есболаев жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары лауазымдарына тағайындалған полиция полковнигі С.А.Айжанов пен полиция подполковнигі Ж.С.Абдрахмановты таныстырды. Жаңа басшылық қызметтеріне сәттілік тілей отырып, оқу орнымыздың өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етуге шақырды.


