Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Ұлтымыздың рухани негізгі тілі» дөңгелек үстел туралы ақпарат

28.04.2017

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Ұлтымыздың рухани негізгі тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараны  оқу-әдістемелік орталығы  және күндізгі оқу факультеті, білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі  бастығы Нұрмұхамбетова Жанат Бердалықызы  сонымен қатар, 1- курс оқу топтарының курсанттары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты- курсанттарды туған тіліне деген  құрметке және   патриоттық, отансүйгіштік қасиеттеріне баулу. Іс-шара барысында Қазақсан Республикасы  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дөңгелек үстел қатысушыларымен талқыланып, аталған тақырыпта мақалалар мен баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстелде курсанттар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Ісшара соңында қатысушыларға алғысхаттар тапсырылды.

 Оқу-әдістемелік орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры А.А. Сағынтаева