Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жергілікті полиция қызметі: алғашқы қадамдары мен тәжірибесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

12.05.2017

2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында конференция залында «Жергілікті полиция қызметі: алғашқы қадамдары мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Конференцияның басты мақсаты: тұрмыстық қылмыстың, қайталама қылмыстың, жасөспірімдер қылмысының, алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстың алдын алу, санкцияланбаған митингтер (полиция қызметкерлерінің санкцияланбаған митингтердегі іс-әрекеті және материалдар жинау) мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттарын зерделеу және олардың алдын алу.

Конференция жұмысы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к. полиция подполковнигі Г.Ж.Сулейманова, БҚО ЖПҚ-ның бастығы полиция полковнигі М.С. Габдуллин, Орал қаласы БҚО ІІД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Н. Абуов, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) полиция полковнигі  С.Н. Бачурин, Ақтөбе облысы ІІД ЖПҚ  штабының бастығы, з.ғ.к. полиция подполковнигі Ф.Ғ. Ғалым, Астана қаласы Алматы ауданы ІІД ЖПҚ ЮПБ-ның бастығы полиция майоры Г.А. Гафур,  ӘҚжІІО-ның ӘҚ кафедрасының доценті полиция подполковнигі Л.С. Маланьина, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі
А.Г. Игольников, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.С. Есмағамбетов, жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті полиция подполковнигі
М.Ж. Найманбаев, жалпы құқықтық пәндер кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Т.У. Илайков және ізденіс жұмыс тобының мүшелері сөз алды.

Жұмыс қорытындысы бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары жергілікті полиция қызметін жетілдіру сұрақтарына қатысты  ұсынымдар дайындады. Сонымен қатар,  өзекті мәселелер талқыланып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне сауалнама жүргізу үшін сауалнама дайындалды. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қонақтар мен қатысушыларға сертификаттар және конференция материалдарының жинағы тапсырылды.

РБЖ тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Ш.Смағұлова