Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

6.03.2025

2014 жылдан бері институтымызға есімі берілген Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың тұлғасына лайықты құрмет көрсетіліп келеді.
Бүгін де дәстүрлі түрде оның туған күнінде институтта жеке құрам сапқа тұрғызылып, салтанатты еске алу шарасы өтті. Институт басшылығы, ардагерлер мен офицерлер, курсанттар мен тыңдаушылар М.Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Ұлы Жеңіске жету үшін жанын да, қанын да аямаған батыр бабамыз М. Бөкенбаевтың ерлігі мәңгілік ұмытылмайды, уақыт өткен сайын асқақтай түседі. Оның қаһармандығы мен өз ісіне берілгендігі өскелең ұрпақтың патриоттық сезімі мен өз ісіне деген адалдығын ұштай бермек.