4.02.2025
Біздің оқу орнымызда тыңдаушылардың жаңа ортаға бейімделуін қолдану мақсатында арнай тренинг өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – тыңдаушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, топтық үйлесімділікті дамыту және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру.
Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірді. Бұл тренинг олардың жаңа ортаға тезірек сіңісуіне және оқу процесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз.




