24.02.2025
2025 жылғы 24 ақпанда М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтары: ювеналды полиция органдарының қызметі» тақырыбында екі күндік семинар басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия және Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинардың бірінші күні Институттың профессорлық-оқытушы құрамы мен алғашқы дайындық курсының тыңдаушылары қатысты.
Сарапшылар ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Әбішев Т.Д., Қазақстандағы халықаралық адам құқықтары бюросы директорының орынбасары Ақылбекова Р.М., бюро директоры Дживага Д.А. және басқа да мамандар сөз сөйледі.
Семинар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам құқықтарын қорғаудағы жауапкершілігін ерекше атап өтті. Қазақстан 70-тен астам халықаралық шартқа, оның ішінде 8 ратификацияланған конвенцияға қатысушы ел ретінде балалар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау міндетін полицияға жүктейді.
2025 жылғы 25 ақпанда семинардың екінші күні өтіп, қорытынды жасалады.











