Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

17.02.2025

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушылары, полиция подполковнигі А.С. Сейтимова, полиция подполковнигі Ж.К.Каирбаев және полиция майоры Н.А.Таласбаев Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін №20,47,53,42 орта мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен және Ақтөбе сервис колледжінің студенттерімен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтына түсу тәртібі мен ережелері түсіндірілді.