Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

18.02.2025

Бүгін оқу орнымызда Институт пен Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының басшылары кездесіп, білім алушыларды өнерге баулу мақсатында өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Рухани құндылықтар арзандап, өмір сүру философиясы өзге сипат алған сәтте мәдениет пен өнерді тоғыстыратын мекемемен тығыз байланыс орнату курсанттар мен тыңдаушылардың шығармашылықтарын шыңдауға үлкен оң серпін беретіндігіне сенеміз.