17.02.2025
2025 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері әскери институты мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум білім беру, ғылыми қызмет және идеологиялық жұмыстар саласында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Тараптар білім беру процесін жетілдіру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу, инновациялық білім беру технологияларын енгізу, ғылыми қызметті белсендіру және бірлескен зерттеулер ұйымдастыру бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, оқытушы құрамының біліктілігін арттыру мен қызметкерлердің академиялық мобильділігіне ерекше көңіл бөлінетін болады.
Меморандумға қол қою екі маңызды оқу орындары арасында білім беру мен ғылым саласындағы тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.



