Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

6.02.2025

2025 жылғы 6 ақпанда сағат 11.00-де  Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі М.Ж. Найманбаев «Ақтөбе қаласының №29 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 11 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсу туралы брошюралар, бейнероликтер және презентациялар көрсетумен кездесу өткізді. Кездесуге мектеп басшылығы қатысты.

Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына Институтқа оқуға түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.

Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, Институтқа оқуға түсу, жеңілдікті жағдайлар мен қызмет перспективалары туралы сұрақтар қойды.

Бұл кездесу өз мақсатына жетті. Кәсіптік бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері толық көлемде қаралды.