Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

8.02.2025

Институттың жалпы заң пәндері кафедрасы күні «Заң және тәртіп» тақырыбында аталып өтілді.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан Халқына жолдауы түсіндіріліп, заң мен тәртіп қағидатын орнатуда құқықтық тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шарада жалпы заң пәндері кафедрасы құрылған кезден бастап, бүгінге дейінгі уақытқа бейнешолу жасалып, кафедраның тыныс-тіршілігі туралы айтылды. Шара соңында тыңдаушылар патриоттық әуендерді тамаша орындап, ерекше көңіл күймен тарқасты.