Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

10.02.2025

Ақтөбе заң институтының 105-топ курсанттары Женей Данияр, Бектасова Ляззат Ақтөбе қаласындағы М. Мақатаев атындағы №73 мектептің 10-11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мектеп бітіруші түлектермен өткен кездесу барысында курсанттар институтқа оқуға қабылдау шарттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, буклеттер таратты. Кәсіби бағдар беру жұмысы 70 оқушыны қамтыды.